Филиал жаңа қызмет түрін – көлік құралдары мен тіркемелерді міндетті техникалық байқауды ұсынады, оның рәсіміне тексеру кіреді:
- тежегішті басқару;
- рульдік басқару;
- шолу;
- сыртқы жарық аспаптарының, шағылыстырғыштар мен электр жабдығының саны, орналасуы, түсі, көру бұрыштары, жай-күйі, жұмыс істеуі және сипаттамалары;
- осьтердің, доңғалақтардың, шиналардың және аспалардың механикалық жай-күйі; осьтердің механикалық жай-күйі; доңғалақтар мен шиналардың өлшемдері, сипаттамалары және тозуы;
- аспа элементтерінің және оларды бекітудің механикалық жай-күйі (рессорлар, амортизаторлар, бұрау сәтін беретін құбырлар, аспаның итергіш штангалары мен иінтіректері, сондай-ақ топсалы элементтер;
- шассидің және шассиге (рамаға) агрегаттар мен тораптардың бекіту элементтерінің жай-күйі мен жұмыс істеуі;
- өзге де жабдықтардың болуы, жай-күйі және жұмыс істеуі;
- қоршаған ортаға әсер етумен байланысты факторлар.
Филиал заманауи жабдықтармен және білікті қызметкерлермен қамтамасыз етілген, бұл жеңіл және жүк автомобильдерін, автобустарды, шағын автобустарды, тіркемелерді, жартылай тіркемелерді міндетті техникалық байқауды жедел әрі арзан жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Техникалық бақылаудың ұтқыр желісі өтінімге сәйкес көліктің орналасқан жері бойынша техникалық байқау жүргізуге әрқашан дайын. Техникалық байқау орталығының клиенттері үшін барлық жағдай жасалған, соның ішінде автосақтандыру (АҚЖ). Филиал автомобильді қайта жабдықтағаннан кейін көлік құралы конструкциясының қауіпсіздік хаттамаларын сынайды және ресімдейді; тахографтарды тексеру, қызмет көрсету, орнату, ауылшаруашылық тракторларының кабиналарын сынау – FOPS, ROPS.
Инспекциялық орган мерзімді сынақтар туралы куәлік бере отырып, баллондар мен ГБЖ жүйесін куәландыруды жүргізеді.
тел: +7 (7142) 39 11 22 моб: 7 701 897 28 72