• Қазақстан Республикасы ұйымдарының стандарттарын әзірлеуге практикалық көмек немесе бекіту алдында оларды тексеру;
  • өнімді таңбалауды әзірлеуде тексеру және/немесе практикалық көмек көрсету;
  • өнімнің каталог парақтарын (ӨКП) жасауда тексеру және/немесе практикалық көмек көрсету;
  • стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарды өзектендіруді қоса алғанда, стандарттау саласындағы ақпараттық қамтамасыз ету;
  • құжаттарды (жобаларды, мәтіндерді, тауар таңбаларын өнімге) мемлекеттік тілге аударуды жүзеге асыру;
  • стандарттау саласындағы мәселелер бойынша консультациялар;
  • кәсіпорындардың өтінімдері бойынша семинарлар, дөңгелек үстелдер, шығармашылық кештер өткізу бойынша техникалық қызметтер көрсету;
  • мемлекеттік және/немесе орыс тілдерінде грамоталарды, мерейтойлық ашық хаттарды, мейрамханалар мәзірін, визиткаларды, жарнама парақтарын, күнтізбелерді әзірлеу және ресімдеу;
  • өнімге паспорт әзірлеу;
  • химиялық өнімге қауіпсіздік паспортын әзірлеу;
  • тамақ өнімдеріне рецептура және технологиялық нұсқаулық жасау;
  • тамақ өнімдерінің сапасы туралы куәліктерді әзірлеу.

Нормативтік құжаттардың анықтамалық – ақпараттық қоры (НҚ ААҚ)

НҚ ААҚ (анықтамалық ақпарат қоры) қағаз және электрондық тасығыштарда шамамен 35 мың бірліктен тұрады және мыналарды қамтиды:

  • Қазақстан Республикасының ұлттық стандарттары (ҚР СТ);
  • өңірлік (мемлекетаралық) стандарттар (МЕМСТ);
  • Қазақстан Республикасының қағидалары мен ұсынымдары (ҚР, ҚиҰ);
  • халықаралық стандарттар (ISO, IEC);
  • РФ және РБ ұлттық стандарттары (МЕМСТ Р, СТБ);
  • әдістемелік нұсқаулар (ӘН);
  • метрология бойынша нормативтік құжаттар;
  • санитарлық нормалар мен ережелер (СанПиН);
  • құрылыс нормалары мен ережелері (ҚНжЕ);
  • кеден одағының құжаттары және т.б.

Филиал мамандары келесі тақырыптар бойынша семинарлар ұйымдастырады және өткізеді:

  • сапа менеджменті жүйесінің ішкі аудиторларын даярлау;
  • біріктірілген менеджмент жүйелері;
  • Қазақстан Республикасындағы стандарттау. Кеден одағының нормативтік-құқықтық актілері;
  • Қазақстан Республикасының кәсіпорындарында іс жүргізу және мұрағат ісін жүргізу тәртібі;
  • кәсіпорында өлшем бірлігін қамтамасыз ету мәселелері, жұмыс орындарын аттестаттау;
  • кәсіпорынның сапа жөніндегі менеджеріне;
  • ҚР СТ ISO 14001-2006 Экологиялық менеджмент жүйелері. Талаптар және қолдану жөніндегі нұсқаулық;
  • менеджмент жүйесіндегі үдерістік тәсіл;
  • кәсіби қауіпсіздік менеджмент жүйесі. ҚР СТ OHSAS 18001-2008;
  • тәуекелдерді талдау және сыни бақылау нүктелері (HACCP) қағидаттарына негізделген тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін басқару жүйесі.

Стандартты семинарлардан басқа филиал мамандары нақты кәсіпорындарға немесе кәсіпорындар топтарына немесе мамандарға бағытталған жаңа семинарларды әзірлеу бойынша жұмыстарды үнемі жүргізеді және Тапсырыс берушінің тілектеріне сәйкес арнайы әзірленген бағдарламалар бойынша менеджмент жүйелері саласында оқытуды ұйымдастыруға қатысты кез келген ұсыныстарды қарауға дайын.